Бокс

Сәкен Бибосынов құрамадан кету туралы қауесетке жауап берді

Сәкен Бибосынов құрамадан кету туралы қауесетке жауап берді
instagram.com/boxingkazakhstan/

Бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері және әлем чемпионы Сәкен Бибосынов карьерасына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа жауап берді. Ол ұлттық құрамадан кетпегенін хабарлап, тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде танымал боксшының бапкері Мырзағали Айтжановпен бірге кететіні туралы ақпарат тарап кеткен болатын.

"Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді?! Мынау сөз – жалған ақпарат. Мен боксты қойған жоқпын", - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов Париждегі Олимпиада ойындарында жүлделі орынға іліге алмады. Ширек финалда Олимпиада чемпионы атанған өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовқа жол берді.

Басқа спорттық жаңалықтар