Футбол

«Ордабасы» марокколық ТОП ойыншыны сатып алмақшы – журналист

«Ордабасы» марокколық ТОП ойыншыны сатып алмақшы – журналист

Футболдан Қазақстан чемпионы шымкенттік «Ордабасы» клубы трансферлік маусымда марокколық ойыншыны қатарына қоспақ.

Бұл туралы спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-каналында жазды.

«Sport+ ақпараты бойынша Шымкенттік «Ордабасы» Амин Талалды қатарына қоспақ ниетте. 27 жастағы мароккалық ойыншы 2022/23 маусымда «Шериф» сапына ауысқан», - деп жазылған аталған ақпаратта.

Жартылай қорғаушының статистикасы жаман емес. Ойыншы Молдова лигасында 13 ойында, 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Ал ЧЛ іріктеу кезеңінде Амин Талал 4 ойында 3 голмен көзге түскен.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар