Футбол

Мессидің "Интер Майамиде" қанша алатыны айтылды

Мессидің

Аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің МЛС-тегі "Интер Майами" клубындағы еңбекақысы айтылды. 


MLSPA (The Major League Soccer Players Association) мәліметінше, форвард жылына 20 446 667 доллар кіріс көреді екен.


Ал Мессидің "Барселонадан" осы жазда "Интер Майамиге" ауысқан әріптестері Серхио Бускетс жылына 1 775 000 және Жорди Алба 1 250 000 доллар табыс көретіні белгілі болды.


36 жастағы Месси америкалық клубқа еркін агент құқымен шілде айында ауысқан болатын. Оның қазіргі келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған. Бұған дейін ол екі маусым ПСЖ-да ойнады, ал 2003 пен 2021 жыл аралығы тек "Барселона" сапында өнер көрсеткен. 

Басқа спорттық жаңалықтар