ММА

Белал Мухаммад титулды айқасқа дайындалу үшін Дағыстанға аттанады

Белал Мухаммад титулды айқасқа дайындалу үшін Дағыстанға аттанады
Fight Wave

Америкалық файтер Белал Мухаммад жартылай орта салмақта UFC чемпионы британиялық Леон Эдвардспен жекпе-жекке дайындалу үшін Дағыстанға аттанады, деп жазады vRINGe.com.

Мухаммадқа дайындалуға жеңіл дивизион чемпионы Ислам Махачев көмектеседі. Эдвардс пен Мухаммад жекпе-жегі сәуірде өтетін UFC 300 супершоуында болады деген сыбыс бар.

Еске салайық, Мухаммад UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде екінші. Осы дивизионда қазақстандық Шавкат Рахмонов үшінші тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар