Астанада Олимпиадаға дайындық штабы ашылды
Елордада туризм және спорт министрлігі жанынан Олимпиада ойындарына негізделген дайындық штабы ашылды. Оның негізгі мақсаты спортшылардың алдағы жарыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.
Еске салаайық, 4-қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді. Ал Францияның Париж қаласында жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталады. Паралимпиялық ойындардың жалауы тамызда желбірейді.
"Біздің үлкен іс-шарамыз Париж олимпиадасына дайындық. Өздеріңіз білетіндей Парижға 205 мемлекеттен 10 жарым мың спортшы 32 спорт түрінен қатысады. Қазіргі таңда өзімізде 17 лицензия 8 спорт түрлерінен бар. Өкінішке орай аздау. Бірақ біздің алдымызда 80 нен астам лицензиялық турнирлер бар. Лицензия саны көбейеді деп үміттеніп жүрміз", - дейді ҚР Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев.