Нысана көздеу

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден лицензиялық жарысқа аттанды

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден лицензиялық жарысқа аттанды
Olympic.kz

Қаңтардың бесі мен 18 аралығы Индонезия астанасы Джакартада нысана көздеуден лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабаралйды Спортты дамыту дирекциясы. 

Биылдыққа өтетін алғашқы лицензиялық жарыста Париж олимпиадасының 16 жолдамасы сарапқа салынады. Ал оған 29 мемлекеттен 380спортшы таласқа түседі түседі.

Қазақстан атынан бұл жарысқа 21 спортшы аттанды. Олардың жетеуі винтовкамен, он спортшы тапаншамен, төртеуі жылжымалы нысана көздеуде бағын сынап көреді. 

Айта кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында Париж олимпиадасының 3 жолдамасы (Ислам Сатпаев, Арина Алтухова мен Константин Малиновский жеңіп алған) бар.

Нысана көздеуде лицензия спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға берілетінін атап өткен жөн.

Басқа спорттық жаңалықтар