Бокс

Ислам қабылдаған америкалық боксшы чемпион атанды

Ислам қабылдаған америкалық боксшы чемпион атанды
vRINGe.com

Жеңіл салмақта WBA Regular титулына ие болған америкалық Джервонта Дэвис (29-0, 27 КО) ұйымның толыққанды чемпионы атанды.

Осы салмақта абсолют чемпион болған өзге америкалық Девин Хэйни белбеулерді босатып, жоғары дивизионға өткендіктен Танк лақап атты Джервонта автоматты түрде толыққанды чемпион атанды.

Дэвис - үш салмақта әлем чемпионы: бірінші жартылай орта салмақта 2021-ден бері WBA белбеуін иеленіп келеді, жеңіл салмақта 2019-дан бері WBA Regular титулына ие, WBA Super (2018-2019, 2020-2021) және IBF (2017) тұжырымдары бойынша екінші жартылай жеңіл салмқата әлемнің бұрынғы чемпионы.

Кейінгі рет ол 2023 жылы сәуірде Райан Гарсияны жеңген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар