Хоккей

Қазақстандық бойжеткендер хоккейден жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-ге қатысады

Қазақстандық бойжеткендер хоккейден жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-ге қатысады
Inbusiness.kz

Қазақстан құрамасы Нидерландтың Херенвен қаласында шайбалы хоккейден IIA дивизионындағы жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.

Турнир 15 және 21 қаңтар аралығында өтеді. Қазақстаннан бөлек бұл жарысқа Ұлыбритания, Түркия, Латвия, Қытай мен Нидерланды құрамалары қатысады.

Қазақстан құрамасының ӘЧ-дегі ойын кестесі:

15 қаңтар, 21:30. Қазақстан – Ұлыбритания

16 қаңтар, 18:00. Түркия – Қазақстан

18 қаңтар, 21:30. Латвия – Қазақстан

21 қаңтар, 1:00. Қазақстан – Қытай

21 қаңтар, 21:30. Нидерланд – Қазақстан.

Бас бапкер Мария Федоренко аталған ойындарға қатысатын кеңейтілген құрамды жариялады.

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Еркеназ Көпжасарова («Стрижи», Алматы), Арина Павловская («Ақтөбе-2009»/«Жұлдыз», Алматы;

Қорғаушылар: Медина Кишекеева («Ақтөбе-2008»/«Жұлдыз»), Зере Тилеш, Вероника Халикова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Зейнаб Мелс («Бұлбұл», Астана);

Шабуылшылар: Карина Әмірова, Эвелина Емцева, Регина Какаулина, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова (барлығы - «Жұлдыз», Алматы), Алина Жакулина, Анна Климова, Рената Лившиц, Злата Филичкина («Юность-Грация, Қарағанды), Малика Жүнісова, София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Айдана Рахатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Аиша Мелс («Томирис», Астана).

Басқа спорттық жаңалықтар