Теннис

Рыбакинаның Аутсралиядағы турнирдің ширек финалдағы қарсыласы белгілі

Рыбакинаның Аутсралиядағы турнирдің ширек финалдағы қарсыласы белгілі
"Чемпионат"

Қазақстаннің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Брисбендегі (Аустралия) турнирдің ширек финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина турнирдің 1/4 финалында ресейлік теннисші, әлемнің 28-ракеткасы Анастасия Потаповамен шеберлік байқасады. 

Анастасия Потапова Брисбендегі жарыстың 11-ракеткасы болып тіркелген. Ол турнирдің 1/8 финалында өзінің отандасы, әлемнің 16-ракеткасы Вероника Кудерметованың (жарыстың 6-ракеткасы) үш сетте 7:5, 7:6(9:7), 6:4 есебімен ұтты.

Қазақстандық және ресейлік теннисшілердің ойыны ертең, 5 қаңтарға жоспарланған. 

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакинаның Брисбендегі турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік. 

Басқа спорттық жаңалықтар