Футбол

CIES нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат ойыншы анықталды

CIES нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат ойыншы анықталды

Джуд Беллингем CIES нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде көш бастады.

CIES Football Observatory зерттеу тобы трансфер бағасы ең жоғары ойыншылардың тізімін жариялады. Бағалауда ықтимал бонустар да ескерілді.

Рейтингте бірінші орынды 267,5 миллион еуроға бағалаған «Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем иеленді.

CIES нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат топ-10 футболшылар:

1. Джуд Беллингем («Реал», 267,5 млн евро)

2. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», 251,2 млн)

3. Винисиус Жуниор («Реал», 250,3 млн)

4. Родриго («Реал», 247,9 млн)

5. Букайо Сака («Арсенал», 223 млн)

6. Филип Фоден («Манчестер Сити», 195,8 млн)

7. Гави («Барселона», 175,4 млн)

8. Хулиан Альварес («Манчестер Сити», 164,7 млн)

9. Джамал Мусиала («Бавария», 152,4 млн)

10. Мартин Эдегор («Арсенал», 150,6 млн)

Басқа спорттық жаңалықтар