Биатлон

Биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогының екінші кезеңі өтеді

 Биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогының екінші кезеңі өтеді

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында GRAND TOUR BIATHLON жасөспірімдер арасындағы ҚР кубогының екінші кезеңі өтеді.

ҚР Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 05-11 қаңтар аралығында Ақсай қаласындағы шаңғы-биатлон базасында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы ҚР Кубогының 2 кезеңі өтеді. Бұл дода аталған өңірде шаңғы спорты түрінен өткізілгелі отырған алғашқы бәсеке болмақ.

Жарысқа Абай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан 80-нен астам жасөспірім спортшы қатысады.

Қазақстан Биатлоншылар Одағының қолдауымен, рейтинг нәтижесі бойынша 2008-2010 жылдары туған көшбасшы спортшылар 10-15 сәуір аралығында Норвегияда өтетін фестивальге және 2024 жылдың қарашасында Словенияда өтетін IBU спорт лагеріне жіберіледі.

Сонымен қатар үздік деп танылған 3-5 командаға спорттық инвентарь алу үшін ақшалай сертификаттар табысталады.

Одан бөлек, әр кезеңдегі спринт және жеке жарыс үздіктері жеңімпаз күртешесімен және арнайы кубокпен марапатталады. Жарыстың жаңа форматы ересектер арасындағы Әлем кубогының кезеңдеріне сәйкестендірілген.

Жарыс бағдарламасы:

05 қаңтар – келу күні;

06 қаңтар– жаттығу күні;

07 қаңтар– спринт;

08 қаңтар– жеке жарыс;

09 қаңтар–демалыс күні;

10 қаңтар-эстафета;

11 қаңтар-жолға шығу күні;

Жарыстың ресми ашылу салтанаты 7 қаңтар, сағат 10:00-де өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар