Теннис

Неміс теннисшісі Қазақстан азаматтығын алды

Неміс теннисшісі Қазақстан азаматтығын алды

Жас теннисші Соня Жиенбаева Қазақстан азаматы атанды. Қазақстандық құжатқа ие болған спортшы енді ел атынан сынға түсетін болады.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, 17 жастағы Соня Жиенбаева 2006 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Ол бұған дейін Германия атынан сынға түсті.

Соня Жиенбаеваның анасы – қазақ, әкесі – неміс ұлтының өкілі. Ол кішкентай күнінде отбасымен Германияға қоныс аударған. Теннисші 2022 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте үздік 30 теннисшінің қатарына қосылды. Сондай-ақ, ол спорттық мансабында 6 мәрте ITF Juniors жарысының жеңімпазы болған.

«Жиенбаева әр уақытта Қазақстанды ұмытқан емес. Өйткені оның Алматыда туыстары көп. Спортшы Қазақстан азаматы атанып, тарихи Отанының намысын қорғауды мүдделі болды», - деді теннис федерациясының баспасөз қызметі.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар