Футзал
"Қайрат" футзал клубы жаңа ойыншыны таныстырды
"Қайрат" футзал клубы бразилиялық ойыншымен келісімшартқа отырды.
Алматылық команданың жаңа ойыншысының есімі – Рикардиньо. Ол Бразилияның "Magnus futsal" клубынан ауысып келді. 25 жастағы ойыншымен келісімшарт 2026/27 маусымның соңына дейін жасалды.
Рикардиньо "Magnus futsal" сапында 2018-2023 жылдар аралығында ойнаған. Осы аралықта бразилиялық клуб 13 турнирде жеңіске жеткен.
"Жаңа ойыншымызға сәттілік және "Қайрат" сапында үлкен жеңістер тілейміз", – деп жазды "Қайрат" футзал клубы Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, жақында "Қайрат" футзал командасы Қазақстан кубогын жеңіп алды. Финалда "Қайрат" клубы "Cемеймен" кездесіп, 5:3 есебімен басым түсті. Осылайша алматылық клуб 19-рет Қазақстан чемпионы атанды.