Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан командасы жаңа маусымды қалай бастайды

Дзюдодан Қазақстан командасы жаңа маусымды қалай бастайды

Дзюдодан Қазақстан командасы жаңа маусымдағы алғашқы жаттығу жиынын бастады.

Бас бапкер Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, спортшылар Шымкент қаласы маңындағы "Алма тау" базасына жиналған.

"Жаңа жылдың алғашқы жаттығу жиыны 4-20 қаңтар аралығында өтеді. Бұл Португалиядағы Гран-при турнирі мен Франциядағы Гранд-слэм турнирі қарсаңындағы бірінші жиынымыз.

Спортшылар түгелдей жиналды. Елдос Сметов қана бапкерімен бөлек жаттығуда. Командада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Балуандардың барлығы да сапта", - деді бас бапкер Сүлейменов.

Айта кетелік, дзюдодан биылғы маусымның алғашқы бәсекесі 26-28 қаңтар аралығында Португалияда өтеді.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар