Теннис

Жібек Құламбаева Таиландтағы турнирдің жартылай финалына өтті

 Жібек Құламбаева Таиландтағы турнирдің жартылай финалына өтті

23 жастағы қазақстандық тениисші Жібек Құламбаева ITF W50 NONTHABURI сериясының жұптық турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Грекиялық Сапфо Сакелларидимен жұп құрған Жібек ширек финалда Майя Чвалинска (Польша) мен Юки Найтоны (Жапония) екі сетте 6:4, 6:4 есебімен қапы қалдырды.

Жартылай финалда қазақ-грек дуэті Луксика Кумхум (Таиланд)/Сохун Парк (Оңтүстік Корея) пен жапондық Аю Ито мен Эрика Сема арасындағы жұптың жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Еске салайық, өткен жылы Ж.Құламбаева жұптық сайыста ITF сериясының жеті титулын жеңіп алған болатын.


Дереккөз: ktf.kz

Басқа спорттық жаңалықтар