UFC

Азат Мақсұмның UFC-дегі екінші қарсыласы анықталды

Азат Мақсұмның UFC-дегі екінші қарсыласы анықталды

Жеңілмеген қазақстандық Азат Мақсұмның (17-0) UFC промоушені аясындағы екінші қарсыласы анықталды.

Бастапқыда 3 ақпанда Мақсұм Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 235 турнирінде америкалық Нейт Мэнесспен (15-3) жұдырықтасады деп жоспарланған болатын, бірақ Мэнесс жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Шетелдік инсайдерлердің айтуынша, Нейттің орнына отандасы Чарльз Джонсон (13-6) шығады.

Айта кетейік, Джонсон бұрын сегізбұрышта қазақстандық жауынгермен кездескен. 2022 жылдың қарашасында UFC Fight Night 215 турнирінде Жалғас Жұмағұловты жеңді.


Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар