Бокс

Олимпиадда "өсекке қалған" Иман Хелиф өз елінде марапатталды

Олимпиадда
instagram.com/Coa.dz

Алжир президенті Әбділмаджид Теббун Олимпиада алтынын алып келген боксшы Иман Хелифті марапаттады.

Боксшы әлеуметтік желіде "Ұлтқа еңбек сіңірген" орденімен мараптталғанын атап өтті.

Хелиф Париж Олимпиадасында 66 келі салмақта жеңімпаз атанды. Париж Ойындарының 1/8 финалында италиялық Анджела Карини 46-секундта Хелифпен жұдырықтасудан бас тартты. Осыдан кейін Хелиф туралы "жынысын ауыстырған ер адам" деген қауесет тарай бастап, үлкен дау болды.

Ал Олимпиаданың жабылу салтанатында Хелиф ту ұстау құқынан айырылды.

Басқа спорттық жаңалықтар