Кәсіби бокс

Әйгілі Мейвезер қазіргі бокстың жұлдыздарын атады

Әйгілі Мейвезер қазіргі бокстың жұлдыздарын атады
Reuters

Бес салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, атақты Флойд Мейвезер қазіргі таңдағы бокстың үш жұлдызын атады, деп хабарлайды Fightnews.info.

Флойдтың ойынша, олар Сауль Канело Альварес, Райан Гарсиа және Джервонта Танк Дэвис.

«Қазіргі таңда ең танымал боксшылар – соққысы ауыр жігіттер. Мен ондайлар көп деп айтпас едім. Қазіргі таңда бокста тек үш жұлдыз бар: Канело, Райан Гарсия және Джервонта Дэвис...», - деді Мейвезер.

Басқа спорттық жаңалықтар