Теннис

Путинцева Цинцинаттиде әлемнің екінші ракеткасын ұтты

Путинцева Цинцинаттиде әлемнің екінші ракеткасын ұтты
ktf.kz

Теннисші Юлия Путинцева Цинцинаттиде (АҚШ) өтіп жатқан жарыста әлемнің екінші ракеткасы Кори Гауффты жарыс жолынан шығарды.

1 сағат 54 минутқа созылған ойында Юлия 6:4, 2:6 және 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Үшінші кезеңде қазақстандық теннисші испан қызы Пауло Бадосамен кездеседі. Ол WTA рейтингінде 36-орында тұрған теннисші. Бұл Юлияның екі ай ішіндегі екінші ірі жеңісі. Уимблдонда ол әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті ұтып кеткен еді.

Айта кетейік, Цинцинаттидегі жарысқа Елена Рыбакина да тіркелген еді. Ол бірінші ойында канадалық теннисші Лейла Фернандестен жеңіліп қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар