Хоккей

Қазақстан құрамасы президент кубогінде "Барысты" ұтты

Қазақстан құрамасы президент кубогінде
"Барыс" ХК

Қазақстан олимпиадалық құрамасы шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогында елордалық «Барыс» командасынан басым түсті.

Алғашқы турда Қазақстан құрамасының хоккейшілер Ресейдің «Лада» (Тольятти) командасына есе жіберген еді. Ал «Барыс» бірінші матчте Ресейдің «Амур» (Хабаровск) клубын 2:1 есебімен ұтқан болатын. 

 Ойын барысында алғашқы минуттан еліміздің олимпиадалық құрамасының белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан 6-минутта Эдуард Михайлов есеп ашса, 20-минутта Кирилл Панюков басымдықты арттырды. Ал Әлихан Әсетов 38-минутта мергендік танытса, 46-минутта Руслан Оспанов 46, Роман Старченко 57-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша Қазақстан олимпиадалық құрамасы «Барыстан» 5:0 есебімен басым түсті. Енді 17 тамызда Қазақстан құрамасы мен «Амур». «Барыс» - «Лада» ойнаса, 18 тамызда 3-орын үшін ойын мен финал өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар