Футбол

26 жастағы футболшы полицейді қағып өлтірді

26 жастағы футболшы полицейді қағып өлтірді
Sports.ru

Египет құрамасы мен «Замалек» клубының қорғаушысы Ахмед Фаттух өз елінде құқық қорғау қызметкерін көлікпен қағып кеткен. 

Өткен аптада 26 жастағы Фаттух Эль-Аламейн қаласының маңындағы тас жолда полиция қызметкерін қағып кеткен. Құқық қорғау органының қызметкері алған жарақаттарынан қайтыс болды.

4Ойыншы қамауға алынды. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, сараптама нәтижелері спортшының есірткіге мас күйде болғанын көрсеткен. Фаттухтың ісі есірткі қолдану және байқаусызда адам өлтіру айыбы бойынша қылмыстық сотқа берілді.

Sada El Balad телеарнасының мәліметінше, Фаттух қақтығыстан қашуға тырысқанын айтып, тыйым салынған заттарды қолданғанын жоққа шығарып жатыр.

Қорғаушы 2023/24 маусымында «Замалек» сапында барлық турнирде 23 матч өткізіп, 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Фаттух Египет құрамасында 28 ойын өткізіп, 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Басқа спорттық жаңалықтар