Оқ ату

Қазақстандық мергендер олимпиадалық лизенция сарапқа салынтаны жарыстарға қатысады

Қазақстандық мергендер олимпиадалық лизенция сарапқа салынтаны жарыстарға қатысады
tverigrad.ru

Стенд атудан Қазақстан құрамасы бірнеше халықаралық жарыстарға қатысып, Париж Олимпиадасына жолдама иеленуді көздеп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Катар астанасы Дохада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Осы жины аяқталысымен 12 спортшымыз Кувейтте өтетін лицензиялық Азия чемпионатына қатысады.

Бұл жарыс аяқталғаннан кейін рейтингілік әлем кубогі кезеңдері жалғасады. Мұндай олимпиадалық ұпай беретін жарыстар Египет, Марокко және Катарда өтеді.

Катарда өтетін әлем кубогінде бірден жолдама сарапқа салынады, ал өзге кубоктік турнирлерде рейтингтік ұпай беріледі. Алғашқы үш орынды иеленген спортшылар Олимпиадаға бірден жолдама алады.

Басқа спорттық жаңалықтар