Футбол

«Реал» Анчелоттидің орнын басатын маманды тапты

«Реал» Анчелоттидің орнын басатын маманды тапты
FootballHD

Мадридтік «Реал» бас бапкер Карло Анчелоттимен келісімшартты тағы екі жылға ұзартты. 64 жастағы италиялық маман команданы 2026 жылға дейін жаттықтырады.

TodoFichajes мәліметінше, мадридтік клубтың басшылығы Анчелоттимен келісімшарт аяқталғаннан кейін команданы жаттықтыратын бапкерді қазірден іздеуде. Негізгі үміткер ретінде Хаби Алонсо болып отыр. Алонсо қазіргі таңда леверкузендік «Байерді» жаттықтыруда. Ол германиялық клубты алдағы маусымда бірнеше трофейге жеткізбек, осыдан кейін «Реал» ұсынысын қабылдауы мүмкін.

Испаниялық маманның «Байермен» келісімшарты да 2026 жылы аяқталады. Алайда Хабиге Бундеслигада «Бавария» да көз тігіп тыр. 

Басқа спорттық жаңалықтар