2024 Париж Олимпиадасы

Олимпиадаға барған қазақстандық спортшылар COVID-19 жұқтырып алды

Олимпиадаға барған қазақстандық спортшылар COVID-19 жұқтырып алды
Сурет: Сали Сабиров

Қазақстанның олимпиадалық құрамы Парижден COVID-19 вирусын жұқтырып келген. Олардың қатарында жүлдегер атанған спортшылар да бар. Бұған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүлдегерлермен кездесуі кейінге қалдырылды.

ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында вирус жұқтырып келгендер санын айтты.

"Құрамадағы 3 жүлдегер мен 2 бапкерден COVID-19 вирусы анықталды. Олардың ПТР-тестілері оң нәтиже берген. Қазіргі уақытта олар оқшауланған. Ем қабылдап жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейміз. Команданың өзге өкілдерінен вирус анықталған жоқ", - деді Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарында 7 медаль еншілеп, жалпы есепте 43-орынға жайғасты.

Басқа спорттық жаңалықтар