Футбол

Мбаппе ПСЖ тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Мбаппе ПСЖ тарихындағы үздік сұрмерген атанды
PSG

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция суперкубогіндегі «Тулузамен» матчте бір гол салды.

Париждегі «Парк де Пренс» стадионында өткен кездесу 2:0 есеімен аяқталды. Осылайша, 25 жастағы форвард париждік команданың өз алаңында 111 гол салды.

Opta мәліметінше, Мбаппе «Парк де Пренс» алаңында өткізген ойындар бойынша ПСЖ-ның үздік бомбардирі атанды. Бұл көрсеткіш бойынша ол Эдинсон Каваниден асып түсті - 110 гол.

Мбаппе ПСЖ сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Басқа спорттық жаңалықтар