Бокс

Странджа кубогіне Қазақстан құрамасынан кім баратыны белгілі

Странджа кубогіне Қазақстан құрамасынан кім баратыны белгілі
olympic.kz

2 мен 12 ақпан аралығы Болгария астанасы Софияда бокстан  "Странджа" турнирі өтеді. Осымен 75-рет ұйымдастырылатын турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады. Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Ол жақында ғана әскери ант қабылдаған болатын.

Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы да мүмкін.

  "Странджа" турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы: 

51 келі: Санжар Тәшкенбай

54 келі: Дәулет Молдашев

57 келі: Оразбек Асылқұлов

60 келі: Руслан Күзеубаев

63,5 келі: Ерасыл Танкай

67 келі: Дулат Бекбауов

71 келі: Талғат Шәйкен

75 келі: Нұрқанат Райыс

80 келі: Тұрсынбай Құлахмет

86 келі: Абзал Құттыбеков

92 келі: Сағындык Тоғамбай

Басқа спорттық жаңалықтар