Кәсіби бокс

Жантұрсыновтың нокауты жылдың ең үздік сұлатуы деп мойындалды

Жантұрсыновтың нокауты жылдың ең үздік сұлатуы деп мойындалды
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Асқат Жантұрсыновтың (6-1, 5 КО) нокауты UBO тұжырымынша 2023 жылдың үздігі деп мойындалды.

Бұл нокаут Ыстамбұлдағы бокс кешінде болды. Асқат жергілікті боксшы Сердар Сиринді (4-2-1, 1 КО) екінші раундта құлатқан болатын.

"Қазақстандық Асқат Жантұрсынов бұрын жеңіліп көрмеген Сердар Сиринді екінші раундта ауыр нокаутқа түсіріп, UBO тұжырымынша Бүкілазиялық ауыр салмақ чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл сұмдық нокаут болды. Боксшыларға мұндайдан барынша абай болу қажет", - делінген ұйымның Instagram желісіндегі хабарламасында.

Басқа спорттық жаңалықтар