Футбол

«Барселонанң» экс ойыншысы Зайнутдиновтың командасын жаттықтыруы ықтимал

«Барселонанң» экс ойыншысы Зайнутдиновтың командасын жаттықтыруы ықтимал
pressball

Голландия құрамасының бұрынғы ойыншысы Джованни ван Бронкхорст қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсетіп жүрген «Бешикташ» командасымен келіссөздер жүргізуде. 48 жастағы Бронкхорст түркиялық клубты жаттықтыруы мүмкін. 

Ыстамбұлдық командаға бас бапкер ретінде Ресей құрамасының бұрынғы бапкері Станислав Черчесов, Фабио Каннаваро, Славен Билич, Хорхе Сампаоли, Рууд ван Нистелрой, Франк де Бур және Бруно Женесио да үміткер болып отыр.

Джованни ван Бронкхорст жаттықтырған кейінгі команда шотландиялық «Рейнджерс» болды, маман глазголық клубтан 2022 жылы күзде кетті. Ал жалпы бапкерлік карьерасында «Фейеноорд», «Гуанчжоу» жаттықтырды, «Манчестер Сити» жүйесі мен Голландия жастар құрамасында жұмыс істеген.

Ал футболшы кезінде «Барселона» және «Арсеналда» өнер көрсеткенімен белгілі. 

Басқа спорттық жаңалықтар