Еркін күрес

Қаңтар соңынада Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты

Қаңтар соңынада Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты

31 қаңтар Астанада күрес түрлерінен (еркін, грек-рим және әйелдер) Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті.

Қазақстан біріншілігіне 17 облыс және Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан балуандар қатысады. ОСы жарыс нәтижесіннен кейін Бішкектегі Азия аймақтық, Ыстамбұлдағы әлемдік іріктеу турниріне аттанатын балуандар анықталады.

Айта кетейік, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков пен грек-рим күресінен ұлттық команда мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Қазақстан чемпионатынан босатылған деген ақпарат бар. Өйткені екеуі де Париж Олимпиадасына жолдама иеленген.

Күрес түрлерінен ел чемпионаты Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Сайымстың финалдық белдесулері 5 ақпанға белгіленген.

Басқа спорттық жаңалықтар