Футбол

Аргентина құрамасында оныншы нөмірлі жейде Мессиден кейін ешкімге берілмейді

 Аргентина құрамасында оныншы нөмірлі жейде Мессиден кейін ешкімге берілмейді

Аргентина футбол қауымдастығының басшысы Клаудио Тапия Лионель Месси мансабын аяқтағаннан кейін 10-шы нөмірлі жейдесін ұлттық құрамада басқа ешкімге бермейтінін мәлімдеді.

«Ұлттық құрамада енді 10-шы нөмірлі жейдені Мессиден кейін ешкім кие алмайды. Бұл нөмір оның құрметіне өмір бойы құрамадан алынып тасталады. Мұны өз тарапымыздан оған құрмет ретінде жасаған ілтипатымыз деуге болады», - деді ол.

Айта кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында Месси Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионы атанды. Катарда өткен турнирде ол 7 ойында 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Әйгілі футболшы Аргентина құрамасы сапында барлығы 180 ойын өткізіп, 106 мәрте нысананы дәл көздеді. Бүгінге дейін ол Америка кубогының иегері (2021) және Олимпиада чемпионы (2006) атанып үлгерді.

2003 жылдан 2021 жылға дейін Месси «Барселона» сапында 10 рет Испания чемпионы болды. Сондай-ақ 8 мәрте Испания суперкубогын, 7 рет Испания кубогын жеңіп алды. Оған қоса 4 рет Чемпиондар лигасында кубокты төбесіне көтерсе, 3 мәрте УЕФА суперкубогы мен клубтық әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Биыл 37 жасқа толатын Месси ПСЖ құрамында екі рет Франция чемпионы және бір рет суперкубок иегері болды.

Қазіргі уақытта ол АҚШ-тың «Интер Майами» командасында өнер көрсетеді.

2023 жылы Месси сегізінші «Алтын добын» жеңіп алды. Бұл - рекордтық көрсеткіш.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар