Бокс

Еділов қызметке келді. Бокстан Қазақстан құрамасының барлық бапкері орнынан босатылды

Еділов қызметке келді. Бокстан Қазақстан құрамасының барлық бапкері орнынан босатылды
Сурет: Сали Сабиров

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен өзге мамандар толығымен қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

"Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз: Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген федерация хабарламасында.


Басқа спорттық жаңалықтар