Еркін күрес

Дәулетбеков пен Тұрсынов Астанадағы Қазақстан чемпионатынан босатылды

Дәулетбеков пен Тұрсынов Астанадағы Қазақстан чемпионатынан босатылды

31 қаңтар мен 5 ақпан аралғында Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді.

Ұлттық біріншілікке еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан келген спортшылар қатысады.

Аталған турнирден соң Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия айматық, Стамбулда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандар есімі белгілі болмақ.

Айта кетелік, ресми ақпарат бойынша, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков пен грек-рим күресінен команда мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов ел чемпионатынан босатылды.

Екі балуан да Париж Олимпиадасына жолдама алғандықтан, олар мақсатты түрде дайындыққа кіріспек.

Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар