Шаңғы Спорты

FIS әлемдегі ежелгі шаңғы марафондарының бірін кестеден алып тастады

FIS әлемдегі ежелгі шаңғы марафондарының бірін кестеден алып тастады

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы (FIS) Норвегияда өтетін Холменколлен марафонын биылғы маусым кестесінен алып тастады.

Бұл туралы FIS-тің шаңғы жарысы жөніндегі рейс-директоры Михал Ламплот мәлімдеді. Марафонның биылғы кестеден алынуына жарыс өтетін мерзімнің тығыздығы себеп болған.

Атап айтар болсақ, биыл Норвегияның Тронхейм қаласында өтетін әлем чемпионаты мен Холменколлен марафонының арасындағы демалыс уақыты тым аздық етіп отыр.

Холменколлен марафоны алғаш рет 1888 жылы өткен. Соңғы рет оны 2009 жылы аренадағы құрылыс жұмыстарына байланысты кестеден алып тастаған еді.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар