Теннис

Путинцева жұптық сында Цинциннатидегі турнирді сәтті бастады

Путинцева жұптық сында Цинциннатидегі турнирді сәтті бастады
Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында Цинциннатидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен бірге алғашқы айналымда жапониялық Мию Като және индонезиялық Алдила Сутьяди дуэтімен ойнады.

Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-канадалық жұп әбжілдік танытты – 7:6 (8:6). Екіншісінде доданың фавориттері саналған жапониялық-индонезиялық дуэт қарымта қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте жеңіс Путинцева – Фернандестің еншісінде кетті – 10:4. 1 сағат 40 минутқа созылған матчта екеуі 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуінде көздегеніне жетті. Като – Сутьяди 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Енді Путинцева мен Фернандес ширек финалға өту үшін америкалықтар Кэролайн Доулхайд – Дезире Кравчикпен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар