Футбол

Мбаппе гол салды. "Реал" UEFA Суперкубогын жеңіп алды

Мбаппе гол салды.
©x.com/ChampionsLeague

Варшавада (Польша) UEFA Суперкубогының иегері анықталды. "Реал Мадрид" Италияның "Аталанта" командасын 2:0 есебімен ұтып шықты.

Ойындағы екі гол да екінші таймда соғылды. 59-минутта Винисиус Жуниордың тамаша пасынан кейін Федерико Вальверде есеп ашты.

Араға 9 минут сала Килиан Мбаппе өзінің алғашқы ресми ойынында алғашқы голын соқты. Осылайша "корольдік клуб" биылғы Суперкубок жеңімпазы атанды.

Мадридтік команда екі бірдей рекорд жаңартты. UEFA Суперкубогын 6 рет жеңіп алған алғашқы команда атанды. Ал Карло Анчелотти жаттықтырушы ретінде бұл кубокты 5-ші рет жеңіп алды.

Басқа спорттық жаңалықтар