Футбол

"Астана" Конференция лигасы іріктеу кезеңінің финалына өтті

instagram.com/fca.astana
  1. "Астана" румыниялық "Корвинулмен" кездесудің қорытындысы бойынша Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Алматыда өткен үшінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде астаналықтар қарсыласын ойсырата жеңді. Есеп: 6:1.

Бірінші таймда астаналық клуб есепті ашты: 13-минутта Джеффри Чинеду гол соқты. "Астана" 57-минутта Марин Томасовтың голының арқасында есепті еселеп, 68-минутта Чинеду дубль жасап, 3:0-ге жеткізді.

73-минутта Назми Грипши румыниялық клубтың қақпасына төртінші голды соқты. Томасов бесінші голды 76-минутта салды. 78-минутта "Корвинул" Михай Велисардың алыстан соққан соққысынан кейін есепті сәл де болса қысқартты. 84-минутта соңғы голды Елхан Астанов түйіндеді – 6:1.

Еске салайық, бірінші матчта Румынияда "Астана" 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Басқа спорттық жаңалықтар