ХК "Барыс"

"Барыс" клубының жаңа капитаны белгіленді

Шайба.kz

Астаналық "Барыс" клубы Астанада басталған Президент кубогіне қатысатын құрамын таныстырды. 

Турнирге елордалық команданың көптеген хоккейшілері Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететіні атап өтілді. Осыған орай, клуб жүйесіндегі жас ойыншылар "Барыста" өздерін көрсетуге мүмкіндік алады. Команда капитаны болып Дамир Жафьяров тағайындалды. Көмекшілер қызметін Даниил Апалков пен Дінмұхамед Қайыржан атқарады.

«Барыс» құрамы:

Қақпашылар: Юхан Маттссон, Владимир Никитин;

Қорғаушылар: Абылайхан Сулейменов, Никита Камалов, Аслан Жусупбеков, Глеб Решетько, Натан Болье, Уилл Бутчер, Хакназар Кенесбай, Никита Волосенков;

Шабуылшылар: Олег Бойко, Коннор Смит, Всеволод Логвин, Динмухамед Кайыржан, Алихан Омирбеков, Уэйд Эллисон, Владислав Кодола, Асанали Саркенов, Даниил Апальков, Семён Симонов, Абзал Алибек, Егор Смольянинов, Дамир Жафяров, Никита Колобов

Басқа спорттық жаңалықтар