Теннис
Құламбаева Сербиядағы ITF W75 турнирінің ширек финалына өтті
ҚТФ
Қазақстандық теннисші (№427-ракеткасы) Жібек Құламбаева жекелей сында Куршумлия-Баняда (Сербия) өтіп жатқан ITF W75 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.
24 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің – 306, осы жарыстың 7-ракеткасы, канадалық Карсон Брэнстинмен кездесті.
Матчты канадалық спортшы сәтті бастады – 6:3. Бұдан кейін Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:1, 6:3. Тартысты өткен бәсеке 1 сағат 51 минутқа созылды.
Енді Жібек ширек финалға шығу үшін тағы бір канадалық Виктория Мбоко мен франциялық Сара Цакаревич матчінің жеңіспазымен ойнайды.