Кәсіби бокс

Әлімханұлының жекпе-жегі жыл айқасына ұсынылды

Әлімханұлының жекпе-жегі жыл айқасына ұсынылды
Boxingscene.com

Ортал салмақта WBO және IBF чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) жекпе-жегі Top Rank сауалнамасы тізіміне енді.

Отандасымыз жылдың үздік нокаут шебері марапатынан үмітті. Жәнібек өткен жылдың мамыр айында WBO чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Канадалық Стивен Батлерді (33-4-1, 27 КО) екінші раундта нокаутпен айқын жеңіп шықты.

"Эндрю Малони мен Хунто Накатани, Луис Альберто Лопес және Майкл Конлан, Жәнібек Әлімханұлы және Стивен Батлер немесе Чжан Чжилей мен Джо Джойс арасындағы екінші жекпе-жек? Жылдың үздік нокаут шеберіне дәл қазір дауыс беріңіз!", - деп жазды Top Rank промоутерлік компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасы.

Басқа спорттық жаңалықтар