Шахмат

Поляк шахматшысы ресейлік қарсыласының қолын алмай қойды

Поляк шахматшысы ресейлік қарсыласының қолын алмай қойды

Самарқанда (Өзбекстан) өткен жылдам шахматтан әлем чемпионатында поляк шахматшысы Ян-Криштоф Дуда ресейлік қарсыласының қолын алмай қойды. Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған.

Видеода Ресей өкілі Денис Хисматуллиннің шахмат столына келіп, қарсыласқа қолын созғаны анық көрінеді. Алайда, поляк шахматшысы қол бермейтінін ишаралап, ойынға кірісуді ұсынған.

Мұны әлеуметтік желі қолданушылары жан-жақты талқылап жатыр. Көпшілігінің айтуынша, Хисматуллин Ресей әскерінің Украинада жүргізіп жатқан басқыншылық соғысын қолдайды. Дуда соған наразылық білдірген көрінеді. Өзгелері болса спорт пен саясатты араластыру дұрыс еместігін жазуда.


Басқа спорттық жаңалықтар