Футбол

Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты

Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты
"Әл-Наср" ФК

Футболдан Португалия құрамасының және саудиялық «Әл-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду тағы да әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Nur.kz.

38 жастағы португалиялық футболшының «Әл-Тавун» клубына қарсы ойыны оның кәсіби мансабындағы 1200-матчы болды. Осылайша, Роналду алаңдағы ойыншыларға арналған тарихи рекордқа қол жеткізді.

Роналду осы уақытқа дейін 7 командада ойнады: «Спортинг» Б (2 матч, 0 гол), «Спортинг» (31 матч, 5 гол), «Манчестер Юнайтед» (346 матч, 145 гол), «Реал Мадрид» (438 матч, 450 гол), «Ювентус» (134 матч, 101 гол), «Әл-Наср» (44 матч, 38 гол) және футболдан Португалия ұлттық құрамасы сапында (205 матч, 128 гол).

Кәсіби футболда ең көп матчты қақпашылар Питер Шилтон (1217) мен Рожерио Сени (1225) өткізген екен.

Басқа спорттық жаңалықтар