Футбол

Рамазан Оразов "Ақтөбеге" оралуы мүмкін

Рамазан Оразов
"Ақтөбе" ФК

Қазақстандық жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Ақтөбеге" клубына өтуі мүмкін.

25 жастағы Қазақстан құрамасының ойыншысының Қазақстанға оралуын Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров күтіп отырған көрінеді. Оразов ақтөбеліктерге Түркияда өтіп жатқан келесі оқу-жаттығу жиынында қосылады деп күтілуде.

Рамазан 2021 жылы "Ақтөбе" сапында өнер көрсеткен.Ал жалпы карьерасында "Қайрат", "Тобыл", "Ақсу", ресейлік "Чайка" және латвиялық "Даугавпилс" клубтарында өнер көрсеткен.

Еске салайық, жартылай қорғаушы соңғы рет словениялық "Копер" болды, жуырда клуб басшылығы қазақстандық ойыншы ең жоғары айлық алатын ойыншылардың бірі болғанымен, оған лайқыты өнер көрсетпейді деп келісімді мерзімінен бұрын үзген еді. 

Басқа спорттық жаңалықтар