Хоккей

Бүгін Астанада хоккейден президент кубогі басталады

Бүгін Астанада хоккейден президент кубогі басталады
Vesti.kz

Бүгін шайбалы хоккейден 2024 жылғы Қазақстан Президенті кубогы басталады. Халықаралық турнир 14-18 тамыз аралығында елордада өтеді.

Турнирге қатысушылар қатарында «Барыстан» басқа ресейлік «Амур» (Хабаровск), «Лада» (Тольятти) командалары бар. Сондай-ақ оған алдағы олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңіне дайындалатын Қазақстан құрамасы қатысады.

Жарысқа қатысушылар алдымен айналмалы жүйе бойынша ойнайды. Содан кейін қорытынды орындарды анықтау үшін шешуші ойындар болады.

Бүгін, 14 тамызда «Лада» - Қазақстан олимпиадалық құрамасы, «Барыс» пен «Амур», 15 тамызда «Амур» мен «Лада», Қазақстан олимпиадалық құрамасы мен «Барыс» кездеседі.

Ал 17 тамызда Қазақстан құрамасы мен «Амур». «Барыс» - «Лада» ойнаса. 18 тамызда 3-орын үшін ойын мен финал өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар