Футбол

Тимур Рудосельский армениялық клубта өнер көрсететін болды

Тимур Рудосельский армениялық клубта өнер көрсететін болды
ҚФФ

Жуырда "Ақтөбе" сапынан кеткен қазақстандық футболшы Тимур Рудосельский армениялық «Вест Армения» клубына қосылды.

29 жастағы қорғаушы Арменияда бұрын да ойнаған, ол «Алашкерт», «Севан», «Лори» және «Нораванк» сияқты командаларда өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Тимур Рудосельский Қазақстан жастар құрамасы сапында 16 матчқа қатысқан және ұлттық құрамаға шақырылды. Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 150 мың еуроға бағалап отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар