Теннис

Құламбаева ITF W75 турнирін жекелей сында сәтті бастады

Құламбаева ITF W75 турнирін жекелей сында сәтті бастады
KTF

Қазақстандық теннисші (№427) Жібек Құламбаева жекелей сында Куршумлия-Банядағы (Сербия) ITF W75 турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 915-орында тұрған сербиялық Дуня Маричпен 1 сағат 42 минут ойнап, бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басым түскеніне қарамастан, Жібек камбэк жасай білді – 6:1, 6:1.

Жібек екінші айналымда (№306) канадалық Карсон Брэнстинмен шеберлік байқасады.

Алайда қазақстандық теннисшінің жұптық сында жолы болмады. Құламбаева жапониялық Юки Наитомен бірге хорватиялық Петра Марцинко және сербиялық Лола Радивоевич дуэтінен 6:4, 4:6, 3:10 есебімен ұтылды. 

Басқа спорттық жаңалықтар