Теннис

Қазақстаннан екі бірдей жас теннисші әлемнің ТОП-100 қатарына кірді

Қазақстаннан екі бірдей жас теннисші әлемнің ТОП-100 қатарына кірді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті. Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді. Оңтүстік Кореядағы ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанған Омарханов бірден 100 сатыға көтеріліп, қазір 100-орында тұр. Асылжан Арыстанбекова 101-ден 88-ге жоғарылады. Сондай-ақ Айя Нұпбай 195-тен 159-ға шықты.


Дереккөз: ktf.kz

Басқа спорттық жаңалықтар