Футбол

«Қайсар» камерундық шабуылшыны қатарына қосты

«Қайсар» камерундық шабуылшыны қатарына қосты
KazFootball.kz

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 23 жастағы камерундық шабуылшы Жуниор Камениді апына қосты.

Жас ойыншы бұған дейін даниялық «Наествед» және марокколық «Фатх Юнион Спорт» командаларында өнер көрсеткен. Сонымен бірге, Камени Камерун олимпиадалық құрамасында ойнаған.

Transfermarkt мәліметінше, «Қайсар» ойыншыны Марокко құрамасынан 40 мың еуроға сатып алған.

Жалпы, Жуниор Камени мансабында 42 кездесу өткізіп, 9 гол соқты.

Басқа спорттық жаңалықтар