Футбол

Қазақстандық жас футболшы Испания чемпионатына ауысты

Қазақстандық жас футболшы Испания чемпионатына ауысты
instagram.com/danil.ankudinov23/

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов Испанияның үшінші дивизионындағы «Менсахера» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Келісімнің мерзімі белгісіз. Анкудинов «Менсахерамен» бір апта сынақтан өткеннен кейін келісімшартқа отырады.

Бұған дейін Анкудинов мәскеулік «Родина-2», молдавиялық «Шериф», армениялық «Ван», литвалық «Джюгас» және беларусьтік «Днепр» командаларында ойнаған. 21 жастағы футболшы Молдова кубогының екі дүркін жеңімпазы және Молдованың екі дүркін чемпионы. Анкудиновтың 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы сапында үш кездесуі бар.

Басқа спорттық жаңалықтар