Теннис
Дмитрий Попко Доминиканадғы челенджерді сәтті бастады
KTF
Қазақстандық теннисші (№187) Дмитрий Попко Санто-Домингода (Доминикана) басталған Челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.
Попко алғашқы айналымда (№292) америкалық Тай-Сон Квятковскимен 56 минут қана ойнап, 6:1; 6:2 есебімен ұтты.
Бұл матчте қазақстандық теннисші 8 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Квятковски 4 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Дмитрий енді ширек финалда өнер көрсету үшін (№100) босниялық Дамир Джумхур мен (№514) америкалық Кэннон Кингсли матчінің жеңімпазымен ойнайды.