Қазақстан футбол Премьер-лигасы

«Атырау» клубы бас бапкеріне қатысты шешім қабылдады

 «Атырау» клубы бас бапкеріне қатысты шешім қабылдады

«Атырау» ФК бас бапкер Виталий Жуковскиймен келісімшартты ұзартты.

Жуковский «Атырау» клубын 2022 жылғы тамыздан бері баптап келеді. Өткен маусымда мұнайлы өлкенің командасы ҚПЛ-да 34 ұпаймен жетінші орынға табан тіреді.

Бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев Виталий Жуковский жайлы оң пікір білдіріп, оның білікті маман екенін алға тартқан.


Дереккөз: el.kz

Басқа спорттық жаңалықтар